Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ - Қазақтың классикалық музыкасының «Азия дауысы» атты концерті Нью-Йорктегі Карнеги-Холда аншлагпен өтті, деп хабарлады «Астана-опера» театрының баспасөз қызметінен.
«Астана-опера» театрының әлемдік турнесі Нью-Йорктен (АҚШ) басталды, 27 қазанда Америка көрерменіне «Азия дауысы» концертін ұсынды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Концерттік бағдарламада А. Жұбанов, Л.Хамиди, Е.Рахмадиев, Т. Мухамеджанов секілді заманауи композиторлар жазған қазақ халқының әндері мен өлеңдері, сондай-ақ Дж. Верди, Д. Россини, Ж. Оффенбаха, А. Бородина, Л. Бернстайн шедеврлерінен шығармалар орындалды.
«Карнеги-Холл «Астана-Операны» аншлагпен қарсы алды, концертке консерватория қызметкерлері, дипломаттар, қоғамдық қайраткерлер, музыка сыншылары, Метрополитен-опера агенттері қызығушылық танытты. Әйгілі қонақтар арасында Лос-Анджелестен арнайы келген американдық актер әрі продюссер Эдриан Броуди де болды. Ол сахнаға шығып әртістерді құттықтап, Қазақстан туралы жылы сөздерін айтты», - делінген хабарда.
Музыка сыншыларының бағалауынша, «Астана-Опера» аспаптық, вокалдық, хор музыкаларын жақсы орындаған, әсіресе опера солисті Альфия Каримованың орындауындағы Л.Бернстайнның Кунигун Ариясы таң қалдырған.
Концертке сондай-ақ халықаралық конкурстар лауреаты, скрипкашы Ержан Құлыбаев, вокалшы Сүндет Байғожин, Жұпар Ғабдуллина, Медет Шотабаев, сондай-ақ әлемдік үздік бас орындаушыларының бірі Ильдар Абдразаков қатысты. Ол қазақстандық опера орындаушыларының шеберлігін жоғары бағалады.
Қатысты сілтемелер
-
АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді5 Маусым 2023, 19:17
-
Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматының орталығынан қонақүй сатып алды5 Маусым 2023, 19:00
-
Қазақстан ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімді ратификациялады5 Маусым 2023, 18:51