Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ - Қазақ-өзбек шекарасында 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 25 ақпанда Алматы уақытымен 08 сағат 33 минут 58 секундта (Гринвич бойынша 2019 жылғы 25 ақпан 02 сағат 33 минут 58 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының батысында 688 км жерде, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,1. Магнитудасы MPV 4,0», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің орталығы 41,22° с.е., 69,01° ш.б. тереңдігі 20 км.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ (МSК-64 шкаласы бойынша).
Қазақ-өзбек шекарасында 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді
