Қазақ-өзбек шекарасында Өзбекстан Республикасының 240 азаматы ұсталды

Күні: 11:11, 05-11-2014.

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Қазақ-өзбек шекарасында Өзбекстан Республикасының 240 азаматы ұсталды, олардың елімізде болу тәртібін бұзғандығы анықталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінен.
«Нақтырақ айтқанда, Шекара қызметінің «Сарыағаш» шекара отрядының бөлімшелері бір тәулік ішінде мемлекеттік шекараның әр бөлігінен 240 еңбек мигранттарын ұстады, оларды тексере келгенде барлығының елімізден уақтылы шығып кетпегендігі анықталды», - делінген сәрсенбі күнгі шекара қызметінің таратқан хабарында.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Ұсталғандар әкімшілік жазаға тартылатын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: