Қазақ және өзбек әскерилері Өзбекстан тауларында біріккен жаттығу өткізді

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Қазақ және өзбек әскерилері Өзбекстан тауларында біріккен жаттығу өткізді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Өзбекстан аумағында арнайы операциялар күштері департаментінің басшылығымен Қазақстан және Өзбекстан Қарулы Күштері тау даярлығы бөлімшелерінің бірлескен жаттығуы өтті», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жаттығуға Қазақстан армиясы атынан ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы Тау даярлығы орталығының әскери қызметшілері қатысты.
«Екі елдің бөлімшелері «Фориш» полигонында бірлесе отырып тауға шығу дайындығын ұйымдастырудың теориялық мәселелерін, таудың биіктіктін, арнайы және оқ ату жаттығуларын ұйымдастыру әдістерін, жорық пен шыңға шығу мәселелерін пысықтады. Сондай-ақ, таулы аймақта қиындық туғызатын алғашқы медициналық көмек көрсету мен жаралыларды тасымалдау мәселелеріне ерекше назар аударды. Екі елдің әскери қызметшілерінде бірлескен жұмыстар жүргізуден тәжірибелері мол», - деді Қазақстанның қорғаныс минінен.
Қазақстандық қорғаныс ведомствосында атап өткендей, 2018 жылдың желтоқсан айында тау даярлығы бөлімшелері жаттығуды дәл осы Өзбекстанның таулы полигонында өткізген болатын.

adimage