ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті

Күні: 13:52, 24-10-2014.

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ – «ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «Ырыс» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлады «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингінің (ҰБХ) баспасөз қызметінен.

«ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «Ырыс» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. «Агробизнес – 2020» салалық бағдарламаның аясында ірі қара малдың 50 және 100 басына арналған сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту бойынша жобалар қаржыландырылады», - делінген жұмада таратылған хабарда.  

«Ырыс» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат ІҚМ сүтті асыл тұқымды аналық мал басы мен қажетті техника, құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаевтың айтуынша, несиенің максималды сомасы – 60 млн. теңге.

Жалпы, 2014 жылы отбасылық сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейтуге «Ырыс» бағларламасы бойынша 1 млрд. 281 млн. теңге бөліну жоспарланған. 30 жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2 мыңнан астам сүтті ірі қара мал сатып алынады деп күтілуде.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.


Жаңалықтармен бөлісу: