Қазалы қаласы Сырдариядағы су деңгейі қауіпті белгіге жақындады

Күні: 16:11, 09-01-2020.

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Қазалы қаласы Сырдариядағы су деңгейі қауіпті белгіге жақындады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Мұздық құбылыстарға байланысты Қызылорда облысының Қазалы қаласы тұсында Сырдария өзеніндегі су деңгейі 630 см көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер нақтылағандай, нақты деңгей сағат 12:00-де 630 см болған, қауіпті деңгей 640 см (судың өзен арнасынан жайылып кетуі) шамасында.
«Ал, шекті деңгей 743 см (елді-мекенді су басу қаупі туады). Ары қарай да су деңгейі көтеріледі деп күтілуде», - деді «Қазгидрометтен».


Жаңалықтармен бөлісу: