Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. «Зейнетақы мобильділігі» Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің арасында талқылау кезеңінде жатыр, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
«Олар (талқылаулар – ҚазТАГ) егер бір ЕАЭО-да, онда азаматтың ол жаққа (Қазақстанның бірыңғай экономикалық кеңістігі бар басқа бір елге – ҚазТАГ) жұмыс істеуге кеткен жағдайында жинақтаушы зейнетақысы (Қазақстанда қалатындығына – ҚазТАГ) қатысты. Және адам зейнетке шыққан кезде, ол сол кезеңде өзінің елінде жинақтаған ақшасын сонымен бірге қосып біртіндеп Қазақстанда ала алады. Қазір осындай зерттемені жүргізіп жатырмыз», - деді Т. Дүйсенова ҚазТАГ агенттігіне жұма күні ТМД қатысушы мемлекеттері халықтарының еңбек, көші-қон және әлеуметтік қорғау бойынша кеңестемелік кеңес отырысының кулуарында.
«Біздің зейнетақы жүйеміздің реформасы тек 2017 жылдан басталатындығынан шығып отырмыз, тіпті реформа емес, жетілдіру. Сол себепті қазір біз барлығын зерттеудеміз. Және олар (ЕАЭО мүше елдері – ҚазТАГ) да зерттеп жатыр», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Ол сондай-ақ қазақстандық заңнаманың «зейнетақының жинақталған бөлігін, мәселен, Ресейге көшіп кету кезінде алып кетуге тыйым салмайтынын» атап өтті.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың маусымында Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығы мен Дүниежүзілік банк «Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД аясындағы зейнетақы мобильділігі» атты зерттеу жүргізген болатын. Зейнетақы мобильділігі құрылып отырған ЕАЭО бірыңғай еңбек нарығы мен келісілген әлеуметтік саясат аясындағы жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігінің ажырамас бір бөлігі болуға тиіс деген қорытынды жасалды.
Зерттеушілер БЭК пен ЕЭАО елдерінің ортақ зейнетақы кеңістігін қалыптастыру «заңсыз еңбек көші-қонның қысқаруы мен шетелдіктерді жұмысқа өркениетті жалдау жүйесін дамытуға жасалған қадам» болатынын айтып сендірген еді.
Қатысты сілтемелер
-
Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ҰҚК 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты8 Желтоқсан 2023, 18:50
-
Вадим Басин QARMET бас директоры болып тағайындалды8 Желтоқсан 2023, 18:30
-
Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бір жолғы төлемдерін Т250 мыңға көбейту ұсынылды8 Желтоқсан 2023, 18:19
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,1-ге өсіп, Т457,71 /$1 болды8 Желтоқсан 2023, 18:11