Азаматтық авиация академиясының ректоры ауысты

Күні: 18:40, 14-01-2019.

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ - Тілек Ербөлеков Азаматтық авиация комитетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінен (ААК).
«Директорлар кеңесінің шешімімен Тілек Ербөлеков «Азаматтық авиация академиясы» АҚ оқу орнының басқарма төрағасы - ректоры болып тағайындалды.
Оқу орын ұжымына жаңа басшыны ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев таныстырды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Т. Ербөлеков соңғы жылдары азаматтық авиация комитетінің ұшуларды орындау басқармасының бастығы, «Эйр Астана» әуе компаниясында Boeing 757/767 әуе кемелеріне нұсқаушы-ұшқыш ретінде жұмыс істеген.


Жаңалықтармен бөлісу: