Қазан айында Қазақстандағы жұмыссыздық 5% деңгейде сақталды

Күні: 15:58, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Республика экономикасында 2014 жылғы қазанда, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды, деп көрсетілген ҚР қаржы министрлігінің статистка комитетінің сейсенбі күні таратқан хабарында.
Хабарда атап көрсетілгендей, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 68,3 мың адамға немесе 0,8%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,9%) құрады.
2014 жылғы III тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 71,2%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 28,8% құрады.
2014 жылғы қазанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 456,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы қазан айының соңына 54,3 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ын құрады (2013 жылғы қазанда – 0,6%).


Жаңалықтармен бөлісу: