ҚАЖК Макс Боқаевты тұрғылықты жері бойынша Атыраудағы абақтыға ауыстырудан бас тартты

Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның ІІМ ҚАЖК азаматтық белсенді Макс Боқаевты тұрғылықты жері бойынша Атыраудағы абақтыға ауыстырудан бас тартты, деп хабарлады оның серіктесі – саяси белсенді Талғат Аян.
«Бүгін саяси тұтқын, арының тұтқыны Макс Боқаев абақтыдан қоңырау шалды. Макс ІІМ ҚАЖК-ден тұрғылықты жері бойынша Атырауға ауыстыруларын сұрағанын, бірақ бас тарту туралы жазбаша жауап алғанын жеткізді. Себеп – оның ынталандыру шараларының жоғы. Алайда тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу – қылмыстық-атқару кодексі кепіл берген құқық»,- деп мәлімдеді Аян дүйсенбіде.
Ол еске салғандай, Боқаевтың «жер реформасы бойынша мәселені көтергені үшін» жазасын өтеп жатқанына үш жыл және төрт ай болған.
«БҰҰ комитеттері, халықаралық құқықорғаушы ұйымдар Макс Боқаевты бірауыздан өз пікірі үшін сотталған, арының тұтқыны деп таныды»,- деп атап өтті саяси белсенді.
Ол қазақстандықтарды Боқаевты қолдауға арналған флешмобқа қатысуға шақырды.
«Елде саяси тұтқындар барын билік мойындамаса, барлығыңызға #политзаключенныеКазахстан, #саяситұтқындарҚазақстан» хэштегімен «Макс Боқаев саяси тұтқын» деген посттағы акцияға шақырамын. Бізде билік сондай «либералды» және «интернетті»-міс, мүмкін көріп қалар», - дейді Аян.
Еске салсақ, 2016 жылы елде Жер кодексіне түзетулер енгізуге қарсы митингтер өтті.
24 сәуірде Атырауда Исатай мен Махамбет алаңына мыңдаған адам жоспарланбаған митингке шықты. Олар шетелдіктерге жер сатуға мүмкіндік беретін Жер кодексіне енгізілетін түзетулерге қарсылық танытты. Митингке шыққандар шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салуды талап етті. Сонымен қатар, дәл осы уақытта Құлсарыда да митинг өтті, оған 300-ге жуық адам қатысты.
Кейінірек, 27 сәуірде митингтер Ақтөбе мен Семейде өтті, онда да жиналғандар Жер кодексіне түзетулер енгізуге қарсылық танытты. Ақтау мен Орал қалаларындада әр қайсысында 200 адамнан бейбіт митингке шықты. Атырау облысы әкімдігінің митингке қатысқан бірде бір адам жауапкершілікке тартылмайды деп сендіргеніне қарамастан, Атырауда азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінірек, Қазақстан үкіметі шетелдіктерге жерді сатуға және беруге уақытша тыйым салды.
2019 жылдың 14 наурызында белгілі болғандай, Еуропа парламенті Қазақстан билігін елдегі саяси репрессияның барлық түрін тоқтатуға шақырған қарар қабылдады. Еуропарламент сондай-ақ, «қазіргі таңда темір тордың ар жағында отырған барлық белсенділер мен саяси тұтқындарды» шұғыл босатуға шақырған. Еуроодақ ресми түрде саяси тұтқын деп санайтындар қатарында Макс Боқаев, «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ экс-басшысы Мұхтар Жәкішев, бизнесмен Искандер Ерімбетов, ақын Арон Атабек және басқалары бар.
Сол кезде – 14 наурызда АҚШ мемлекеттік департаментінің бірнеше беттен тұратын Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайына арналған есебі жарық көрген. Ол есепте де қазақстандық түрмелерде .саяси тұтқындардың бары көтерілген.



adimage