ҚАЖК жаңа төрағасы тағайындалды

Күні: 13:12, 04-04-2019.

Астана. 4 сәуір. ҚазТАГ - ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.
«ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына әділет полковнигі Дархан Тұрсынұлы Қанатбеков тағайындалды. ҚАЖК-нің жаңа төрағасын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ хабарлағандай, ішкі істер министрінің бұйрығымен Азамат Базылбеков ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы қызметінен босатылды.
Д.Қанатбеков қылмыстық артқару жүйесі органдарында 2001 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарады. Жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық қызметтегі іс-тәжірибесі мол. Ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, департамент бастығы болып қызмет етті. Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: