Азия елдері театрларының халықаралық фестивалі Ақтауда өтеді

Күні: 18:21, 21-10-2014.

Ақтау. 21 қазан. ҚазТАГ - Н.Жантурин атындағы маңғыстаулық музыкалық-драмалық театрында Азия елдері театрларының фестивалі өтеді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан мен Тәжікстаннан келген ұжымдар бес күн бойы өз өнерлерін көрсетеді. Қазақстан намысын Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық театрдың, Т.Жүргенов атындағы және Астанадан келген жастар театрларының ұжымы қорғайтын болады», - деді сейсенбіде фестивальдің ұйымдастырушылары.
Халықаралық фестивальдің қазылар алқасын Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов бастайды.
«Көрермендер қонақтардың -  Н. Гогольдың «Ревизор»  мен «Шинель», А. Николайдың  «Любовь до гроба»  спектакльдері мен өзге де туындыларын тамашалай алады.  Бұдан басқа, қонақтар заманауи драманың үлгілерімен таныса алады. Біздің театр отандық С. Цвейгамен М.Әуэзовтың пьессасы бойынша «Зілзала» қойылымын қояды», - деді  облыстық музықалық-драма театрының директоры Нұрлан Мұханов.
Фестивальдің ашылуы 25 қазанда болады.


Жаңалықтармен бөлісу: