Қазкоммерцбанктің атқарушы директоры Ұлықбек МҮСЛІМОВ: БІЗ 7’Я СУПЕРМАРКЕТ ЖЕЛІСІНЕН ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚИСЫНДЫ БИЗНЕС-ЖОСПАР ҰСЫНҒАНЫН КҮТУДЕМІЗ

 

Алматы. 27 шілде. ҚазТАГ – Ақжол Садешов. «Қазкоммерцбанк» АҚ сотқа шағым түсіріп, «Группа компаний «Resmi» АҚ, «Сеть супермаркетов 7’Я» АҚ және «Food Retail Invest» ЖШС компанияларынан Т2,5 млрд қарызын өндірмекші болғанына екі айдай уақыт өтті. Тараптар бір-бірінің талаптарын орындауға дайын екендігімен жағдай одан бері өзгерген жоқ. Осы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін ҚазТАГ «Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры Ұлықбек Мүслімовты сұхбатқа тартқан еді.  

 

- Бүгінгі күнге тараптар жағдайды реттеуде қандай да жетістіктерге жетті ма?

 

- Біз маусым айының басында Resmi компаниялар тобының акционерлерімен, менеджментімен, сондай-ақ Баймұхановпен кездестік. Ол 7’Я бөлшек сауда желісінің иелерінің бірі және несиенің қайтарылатындығына кепілдік бергендердің бірі. 7’Я акционерлері қарыздарын қайтару жөніндегі өздерінің ұсыныстарын айтты. Бірақ банк әлі күнге кепілгерлерден ресми жазбаша ұсыныс алған жоқ. Еске салсақ, несие заңды тұлғалар: «Сеть супермаркетов 7’Я» АҚ және «Food Retail Invest» ЖШС-терге жалпы сомасы Т1,62 млрд мөлшерінде берген болатын. Несие мен олар бойынша пайыздарды қайтару мерзімі сәйкесінше, 2008 жылғы желтоқсан мен 2010 жылғы мамыр айында бітіп кетті.  

 

- Бірақ 7’Я супермаркет желісінің басшылары егер банк тарапынан сындарлы әрекет болатын болса, қаржылық міндеттерді қайта құрылымдауға дайын екендігін мәлімдеген. Ол аз десеңіз, Resmi тобы 7’Я жобасы бойынша өзінің $13,5 млн болатын жиынтық кепілін Қазкоммерцбанкке ұсынды.

 

- Аталған кепілдік Қазкоммерцбанкке 2008 жылы супермаркеттер желісіне несие алу шарты ретінде ұсынылған болатын. Банк бүгіндері дәл сол кепілдің орындалуын талап етуде. Әзірге Resmi де, Баймұханов мырза да ешқандай қосымша, не жаңа кепілдік берген жоқ.

 

- Егер қарызгердің қарызы Т1,6 млрд болса, шағым-талап сомасы қалайша Т2,5 млрд болады?

 

- Т2,5 млрд мөлшеріндегі талап сомасы мерзімі ұзартылған негізгі қарыз бен оған төленетін сыйақы/пайыздардың қосындысынан туындайды. Несиелік келісімшарт бойынша банк сонымен қатар қарыздарды мерзімінен кешіктіріп қайтарғаны үшін де талап қоя алады.

 

- Шағым неге тек 2011 жылдың мамырында берілді? Компанияның қарыздарын қайтарудағы проблемасы бұдан әлдеқайда ерте басталды емес па?

 

- Біз бұрын хабарланғандай, өтемдер бойынша мерзімі өте бастаған соң банк қарыздарды қайтару мерізімін ұзартып, өтем мерзімінің жеңілдетілген кезеңі де ұзартылды. Өкінішке қарай жағдай жақсарған жоқ. Сондықтан 2010 жылы наурызда банк «Сеть супермаркетов 7’Я» және «Food Retail Invest» ЖШС атына, және олардың кепілгерлерінің атына қарыздардың барлық сомасы мен сыйақыларын қайтару керектігі туралы ескерту жіберді. Тек осыдай кейін ған қарыздарды қайтару туралы алғашқы ұсыныс алынды да, 2010 жылғы маусымда банктың құзыретті органы осы қарыздарды қайта құрылымдау туралы аталған ұсынысты мақұлдады. Бірақ қайта құрылымдау болмады, себебі клиент қайта құрылымдау тәртібін реттеуді қарастыратын бірқатар құжаттарды үйлестіруден бас тартты.

Кейін (2010 жылдың соңында – 2011 жылдың басында) қарызгерлердің қарыздарын қайтару сұлбалары банкті қанағаттандырмады. Себебі ол сыйақыны толық көлемде қайтаруда қарастырмады. Одан басқа, қарызгер өзінің кепілгері «Группа компаний Resmi» АҚ-мен банк алдындағы қарыздарын қайтаруға қажет ақшалай «құйылымдар» туралы уағдаласа алмады.

Осылардың барлығының салдарынан сотқа шағым түсру туралы шешім қабылданды.

 

- Сіздердің қарызгерлеріңіз банкті келісімді бұзды деп айыптап отыр. Ол келісім бойынша банк жобаны Resmi-мен қатар қаржыландырған. Сіз бұған қатысты не дер едіңіз?

 

- Банк инвестор ретінде ешқашан жобаны қаржыландырмаған. Банк өзіне алған міндетін орындай отырып, несиегер ретінде қарызгерлерді толық көлемде 2007 жылы-ақ қаржыландырды.  Банк басқа ешқандай міндетті мойнына алмаған болатын. Resmi-ге қатыстысы болса, ол компания 7’Я супермаркеттер желісіндегі бизнес иесі ретінде (100% 7’Я иелігіндегі Resmi-ге Food Retail Invest-тегі 50% үлесі тиесілі), банктен басқа, инвестиция түріндегі қолдау көрсете алатын. Бірақ бұл, өзіңіз көріп отырғандай, Қазкоммерцбанкке ешқандай қатысы жоқ және ең бастысы - компанияны банк алдындағы кепілденген жауапкершіліктен құтқара алмайды.

 

- Қазкоммерцбанк пен  7’Я супермаркеттер желісі проблеманы шешудің қандай жолдарын ұсынады?

 

- Біз қарыздарды қайтару жолдарын қарауға дайынбыз, бірақ кез келген қарыз беруші үшін қарызды қайтарар нақты көздері мен мерзімін анық білу керек. Проблемалық қарыздардың артуын тоқтату үшін, барлық есептелетін пайыздарды да қоса есептеу де маңызды.

Ал нақты осы жағдайда біз қарызгерден банк және акционерлермен үйлестірген ақылға қонымды бизнес-жоспарын ұсынуын күтіп отырмыз.

 

- Resmi  компаниялар тобы Бауыржан Баймұханов бұрын Қазкоммерцбанк менеджері болған деп мәлімдеп отыр. Ол шынымен де солай ма? Ол онда қандай қызметте болған еді және қандай мәселелерге жетекшілік етті?

 

- Біз бұрынғы қызметкерлердің мәліметтер базасын көтерген едік, шынымен де, Б. Баймұханов банкте 1996 жылғы мамыр айынан 1997 жылғы наурыз айына дейін қатардағы қызметкер ретінде қызмет атқарғаны анықталды. Бірақ оның банкте жұмыс істегенін қазіргі несиеге қатысы бар деу қисынсыз. Оның үстіне банктің 20 жылдық тарихында онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істеп кетті.

 

- Ал шағым неге Б. Баймұхановқа қарсы берілмеді? Оның өзі де несиеге кепіл болып отыр ғой?

 

- Б. Баймұхановтың екінші кепіліне қатысты проблемалық қарызды қайтару бойынша осындай жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған да, екінші кепілгерге сияқты, кепілденген міндеттерін орындау керектігі туралы талап тапсырылды. Оның үстіне банктің құзыретті органымен Б. Баймұхановты сот процессінде жауап беруші ретінде тарту туралы тиісті шешім шығарылды.  

 

- Қазір 7’Я супермаркеттер желісінің Қазкоммерцбанк алдындағы қарыздарын қайтару жөніндегі сот істері қандай деңгейде?

 

- 2011 жылдың мамыр айынан бастап аталған іс бойынша сотта тыңдаулар болып жатыр. Кезекті отырыс 29-шы шілдеге тағайындалған. Қарызгердің міндетін орындамау мерзімі 700 күнен асып отырған жағдайда банк шекті шараға баруға мәжбүр. Ұзақ мерзімдік серіктестік қарым-қатынас барлығын ескере отырып, оларға қарыздарынан құтылуға жеткілікті мерзім берілді. Оның үстіне қарызға кепіл берушілер табысты компаниялар болып табылады, және біз олардың өз міндеттерін орындамауға себеп көріп отырған жоқпыз. Сонымен қатар банк қарызгерлермен де, кепілгерлермен де қарызды қайтарудың ақылға сиятын жолдарын қарастыруға дайын.


adimage