Астана. 13 қазан. ҚазТАГ – ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі жаңалықтар тастасындағы қазақша және ағылшынша жаңалықтарды жартылай ашық режимде жариялауға көшті.
Осы уақытқа дейін осы тілдердегі жаңалықтар жабық түрде болып, тек ақылы негізде жазылушыларға ғана беріліп келген. Енді редакция www.kaztag.kz және www.kaztag.ihfo. Сайттарының барлық оқырмандарына жаңалықтарды қол жетімді түрде жариялап отырады. Ол соңғы кезде редакция атына газеттерден көптеген өтініш келіп түсуіне байланысты болды, атап айтқанда, Қазақстанның аудан орталықтарынан қазақша жаңалықтарды, бюджеттік қаражаттың жоқтығы себепті, тегін алып тұруға өтініш түскендіктен болып отыр.
Осы жағдайды ескере отырып, сондай-ақ жаңалықтардың ағылшынша нұсқасы көбіне шетелдік оқырмандарға арналғандықтан, ағылшынша жаңалықтарды ашық режимде жариялау туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ ҚазТАГ Қазақстан ұлттық БАҚ-тарының ішінде бірінші болып орыс тіліндегі жабық жаңалықты Visa, MasterCard және Maestro карталары арқылы жер шарының кез келген нүктесінен сатып алу мүмкіндігін іске қосты.
ҚазТАГ – көршілес мемлекеттердің журналистер тобымен ашқан жеті жаңалықтар агенттігінің бірі. Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан және Иран, Қытайда болып жатқан оперативтік жаңалықтарды, тыныс-тіршілігін күн сайын оқырмандарына ҚырТАГ, ТәжікТА, АуТАГ, ӨзТАГ, ИрТАГ және Silkroadnews агенттіктері хабарлап тұрады.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты30 Қараша 2023, 17:45
-
Тоқаев Йоханнисті Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады30 Қараша 2023, 17:34
-
Самат Әбіштің елден кетіп қалады деуге негіз жоқ- бас прокуратура30 Қараша 2023, 16:53
-
Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты30 Қараша 2023, 16:34