ҚазТАГ жарияланымдарының мониторингінен кейін бірқатар заңсыз мемсатып алу тоқтатылды – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақ телеграф агенттігі (ҚазТАГ ХАА) жарияланымдарының мониторингінен кейін бірқатар заңсыз мемлекеттік сатып алу тоқтатылды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің превенция департаментінің аса айрықша істер офицері Айнагүл Төкенова.
«Мемсатып алу саласында бұзушылықтарды анықтау мәселесінде жағдайға немқұрайлы қарамайтын азамттар мен БАҚ хабарламалары үлкен көмегін тигізіп отыр. Қазақ телеграф агенттігі, Zona.kz интернет басылымы (…), «Время» қоғамдық-саяси газетінің және басқа да интернет-ресурстардың мониторингі арқасында аталмыш ақпарат аумақтық департаменттерге шара қолдану үшін жолданады. Нәтижесінде бірқатар заңсыз сатып алулар тоқтатылды», - деді Төкенова жұмадағы брифингте.
Еске салсақ, мамыр айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстанда қаржыны бөлу рәсімінің өзгергенін хабарлап, дағдарыс жағдайында елде бюджет қаржысына автомобиль мен жиһаз сатып алынбайды деп уәде берген еді. Агенттік анықтағандай, жеңіл көлік, жиһаз сатып алуға арналған лоттар және басқа да көптеген тендерлер мемлекет басшысының уәдесіне, және қазақстандықтар өз туыстарын аман алып қалу үшін өз ақшасына оттегі баллондарын, ӨЖЖ аппараттары мен COVID-19 емделу үшін дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүр болып отырған жағдайға қарамастан өткізіліп жатыр. Бұл туралы «Оба кезіндегі тендер – коронавирус кезінде Тоқаевтың уәдесіне қарамай мемқаржысы қалай шашылып жатыр» материалында оқи аласыздар.

adimage