ҚазТрансОйл» АҚ мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 2018 жылы 4,6% төмендеді

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 2018 жылы 4,6% төмендеп - 46 млрд 120 млн тонн/км. жетті.
«Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналым 46 млрд 120 млн тонн/ км құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 млрд. 240 млн тонн/км аз. (…)«ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 38 млрд 40 млн тонна километрді құрады (ол 2017 жылғы деңгейден 1 млрд 783 млн тонна-километрге аз)», - деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінен.
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және ауыстырып құюдың жалпы көлемі 45 млн 309 мың тоннаны құрады (2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 985 мың. тоннаға аз).
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары бойынша Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына 16 млн 149 мың. тонн мұнай жеткізілді (бұл 2017 жылға қарағанда 1 млн 383 мың тоннаға көп): соның ішінде АМӨЗ – 5 млн 237 мың. тонна (608 мың тоннаға артқан). ПКОП – 4 млн 759 мың. тонна (72 мың тоннаға артқан). ПМӨЗ– 5 млн 334 мың тонна ( 602 мың тоннаға артқан). ПМАЗ базасындағы битум зауыты– 819 мың. тонна (101 мың тоннаға артқан)», - делінген хабарда.
«Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша бойынша тасымалданған мұнай көлемі 14 млн 757 мың тоннаны құрады (ол 2017 жылғы деңгейден 1 млн 156 мың тоннаға аз).
«Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 11 млн 373 мың тоннаны құрады (ол 2017 жылғы көрсеткіштен 916 мың тоннаға кем).
«ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдаланып Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю 2 млн 2 мың тоннаны құрады (2017 жылғы көрсеткіштен 810 мың тоннаға көп). КТК-К магистральды мұнай құбырлары жүйесіне мұнайды ауыстырып құю 2 млн 143 мың тоннаны құрады (20167 жылғы көрсеткіштен 743 мың тоннаға аз). ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша мұнай тасымалының көлемі 11 млн 2 мың тоннаны құрады (ол 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 385 мың тоннаға көп)», - делінген хабарда.
«Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына тұщы су беру көлемі 28 млн 730 мың текше метрді құрады (ол 2017 жылғы деңгейден 2 млн 505 мың текше метрге көп).
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 15 млн 997 мың тоннаны құрады (бұл 2017 жылғы деңгейден 541 мың тоннаға аз). Аталмыш бағыт бойынша жүк айналымы 14 млрд 607 млн тонна-километрге жетті (ол 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 1 млрд 3 млн тонна-километрге аз). «Мұнайтас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 878 мың тоннаны құрады (2017 жылғыдан 217 мың тоннаға көп). Жүк айналымы 1 млрд 522 млн тонна-километрді құрады (2017 жылғыдан 85 млн тонна-километрге көп). «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы және «Petrotrans LTD» компаниясы бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып құю 1 млн 30 мың тоннаны құрады (2017 жылғы көрсеткіштен 1 млн 78 мың тоннаға аз)», - делінген хабарда.

adimage