«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» бидайды сатып алу бағасы мен сапалық көрсеткіштерін өзгертті

Күні: 12:01, 29-10-2019.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ бидайды сатып алу бағасы мен сапалық көрсеткіштерін өзгертті, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінен.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2019 жылғы өнімінен 3, 4 класты Triticum aestivum L. бидайын сатып алу бағалары мен сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі туралы ақпарат жариялап отыр. Астықтың резервтік қорын жаңарту және қалыптастыру, сондай-ақ мемлекетті азық-түлік астығының кепілді көлемімен қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» дәстүрлі түрде жаңа егіннің астығын сатып алуды жүзеге асырады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Мекеме деректеріне сәйкес үшінші класты Triticum aestivum L. бидайы үшін баға қосылған құн салығын(ҚҚС) төлеушілер үшін тоннасына 85 000 теңге құрайды. Қосылған құн салығын(ҚҚС) төлемейтіндер үшін – тоннасына 75 893 теңге мөлшерінде белгіленген.


Жаңалықтармен бөлісу: