Орал. 5 сәуір. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған қылмыстық сотында алқабилердің жаңа құрамы Асхат Темірбаевтың мектеп түлегі 17 жасар Дана Өтеғалиеваны зорлағаны үшін кінәлі деген шешім шығарды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«(4 сәуір – ҚазТАГ) кеңесу бөлмесінде алқабилер тараптар ұсынған зерттелген дәлелдердің жиынтығына және оның талдауына негізделген пікірлері бойынша Темірбаевты тағылған айыптар бойынша толығымен кінәлі деп тапты. Алқа билердің шешімдері негізінде сот үкімімен Асхат Темірбаевқа 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейтін болады», - деп хабарлады жұма күні БҚО сотының баспасөз қызметінен.
Қаза болған қыздың туыстары үкімге қанағанаттанатындарын және оған қарсы арызданбайтындарын мәлімдеді.
Еске салсақ, 17 жасар Дана Өтеғалиеваның зорлау белгілері бар денесі 2018 жылдың 28 шілдесінде Зеленовский ауданы Дарьинское ауылынан шөптердің арасынан табылған болатын. . Марқұм мектепті бітіріп, ресейлік ЖОО-ға түсіп те үлгерген екен. Аталмыш жайттан кейін бірден ұсталған бұрын сотты болған Асхат Темірбаев бастапқыда жасағанын мойындаған, тіпті оны өлтірген жерін де көрсеткен. Оның айтуынша ол кешкісін Дананы құрбыларымен бірге көшеде кездестірген, сосын үйіне шығарып салайын деген. Алайда кейін айыпталушы қызды ұрмағанын, араларындағы жыныстық қатынастың өзара келісімі бойынша болғанын айтты.
2019 жылы қаңтар айының ортасында БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билер сотталушы – 1998 ж.т. Асхат Темірбаевтың кінәлі екендігі туралы шешім шығарған. Оған 17 жасар Дана Өтеғалиеваны зорлаған, кейін өлтірген деген айып тағылуда.
Ақтап алушы шешім шығарылғаннан кейін бұрын сотты болған Темірбаев қамаудан босатылған еді. Істің осылай шешілгеніне таң қалған марқұмның туыстары үкімге шағымданған еді. 20 ақпанда облыстық соттың аппелляциялық коллегиясы ақтаушы үкімнің күшін жойып, істі соттың басқа құрамына қайтадан қарауға жолдады.
Бұған дейін мектеп түлегінің өлімі бойынша ақталған БҚО азаматына қатысты алқабилердің жаңа құрамы оның кінәлі екендігі туралы шешім шығарды
