БҰҰ бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: «ЖАН-ЖАҚТЫ СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ БҰҰ ҚАРУСЫЗДАНУ ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ТЫҒЫРЫҚТАН АЛЫП ШЫҒАДЫ»

 

Женева. 25 ақпан. ҚазТАГ – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздануға қатысты бастамасы дүниежүзінде лайықты қолдау тауып, сол себепті Орталық Азиядағы Қазақстан сынды аса ірі қуатты республика үшін БҰҰ-мен ынтымақтастық басым міндет болып табылады. Қарусыздану үдерісін не тежеп тұрғаны, антиядролық проблеманы талқылауға не септігін тигізетін туралы және оның әлемдегі гуманитарлық немесе экономкалық проблемалармен үндестігі туралы «ҚазТАГ» ХАА-ға берген сұхбатында БҰҰ бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев айтып берді.

 

- Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз БҰҰ-ның Женева бөлімшесін, дүниежүзілік Ұйымның ірі әрі негізгі бөлімшесін басқарып отырған азиялық мемлекеттің тұңғыш өкілісіз. Айтыңызшы, бұл тағайындау Қазақстанның халықаралық сахнадағы иммиджіне қалай әсер етті.  

 

- Иә, БҰҰ хатшылығының ақпараттық хабарында бас хатшы БҰҰ Женевалық бөлімшесінің тарихында тұңғыш рет бас директорлық лауазымына Азия өкілін сайлады деп айтқан болатын. Мұндай шешім халықаралық қауымдастық үшін күтпеген шешім болды. 1946 жылдан бері БҰҰ-ның Еуропалық, одан соң Женевалық бөлімшесін Польша, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Италия (бұл мемлекеттің үш өкілі бас директорлық қызметті 1957-ден 1983 жылға дейін ұстап отырды), Бельгия, Швеция, Франция, Ресей өкілдері басқарып келген. Енді ол тізімде біздің мемлекет те пайда болды. Оған біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор болды. Ол Пан Ги Мунға Қазақстан өкілін БҰҰ жоғарғы қызметіне тағайындауды ұсынып, оған менің кандидатурамды ұсынды. Екі айлық конкурстық іріктеуден соң, мен ГФР өкілімен бірге «финалға» шықтым. Одан соң бас хатшы ақтық шешім қабылдады. Мен есеп бойынша 13-ші бас директормын, бұл цифр мені қынжылтпайды, керісінше, белсенді қызметке итермелейді. Мені БҰҰ жүйесінде мәнділігі жағынан екінші басшы қызметіне тағайындауы Қазақстанның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті дамытудағы ерекше жауапкершілік танытқан ел ретінде атағын шығарды. Біздің елді шын мәнісінде халықаралық антиядролық қозғалыс көшбасшысы деп атайды. Президент Н. Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы атақты жарлығы кеңінен мойындалды.

Аталған құжатқа қол қойылған күн БҰҰ бас ассамблеясымен ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн ретінде танылған. Сондықтан менің БҰҰ жүйесіндегі осыншама жоғарғы қызметке тағайындалуым бір жағынан Қазақстанның халықаралық беделінің артып отырғандығының салдары болса, екінші жағынан - әлем жұртшылығының біздің елге деген қосымша назарын аударды.

 

- Түсіндіріңізші, БҰҰ кеңсесінің Женевалық бөлімшесінің жұмысының ерекшелігі неде, және олардың алдында қандай басым міндеттер тұр? Сондай-ақ, Қазақстан үшін Женевадағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту маңыздылығына қытысты Сіздің пікіріңізді білген қызық.

 

- БҰҰ бас хатшысы Женеваның ресми халықаралық форумдар мен кездесулер өткізетін әлемдегі ірі  орталық ретіндегі рөлі мен әлеуетін нығайту міндетін қойды. Сондықтан көптеген кездесулер мен баяндамалар кезінде мен мемлекеттер мен ұйымдардың назарын Ұлттар Сарайы орналасқан осы қаланың ерекше мүмкіндігіне аударуға қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын.

Біздің бөлімше тек Женевадағы ғана емес, сонымен қатар басқа да еуропалық қалалардағы 30 халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ бүкіл дүниежүзіндегі 120-дан астам БҰҰ кеңселеріне көмектеседі. Женева бөлімшесінде 118 елден әкімшілік департаментінің директорларынан бастап, конференциялық қызмет көрсету, қауіпсіздік (мен бас хатшының БҰҰ персоналының Еуропадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етерлік арнайы өкілі қызметін қоса атқарамын), ақпарат пен басқа да техникалық қызметкерлерге дейін 1500-ден астам қызметкер жұмыс атқарады.  

Ұлттар Сарайында нәзік нәрселерге қатысты мәселелер талқыланады, мысалы, Грузияға қатысты және Габон мен Экваториалды Гвинея арасындағы территориялық талас туралы. 2012 жылы 30 маусымда мұнда БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен Сирия бойынша министрлік кездесу болды. Онда барлығы бірлесіп бірлескен мәлімдеме қабылдады. Ол құжат әлі күнге дағдарысты реттейтін жалғыз саяси құжат.  Онда БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі және АМЛ бас хатшысы Л. Брахимидің қатысуымен Сирияға қатысты мәселені талқылау үшін ресейлік және американдық дипломаттар жиі жиналады. Ол ғимаратта Адам құқықтары жөніндегі Кеңес, Еуропалық Экономикалық Комиссия желісімен, сауда және даму жөніндегі БҰҰ Комиссиясымен және басқа да БҰҰ ұйымдарымен маңызды да пайдалы кездесулер өтіп тұрады. Ұлттар Сарайының залында Дүниежүзілік еңбек ұйымы, Дүниежүізілік денсаулықс ақтау ұйымы жыл сайынғы сессиясын өткізіп тұрады. Ұлттар Сарайы әр екі жылда ЭКОСОС сессиясын өткізетін орынға айналады.

Орталық Азиядағы аса ірі мемлекет Қазақстан үшін БҰҰ-мен ынтымақтастық басым міндет болып табылады. Біздің еліміздің Женевадағы тірлікке араласуы, мейлі антиядролық проблематика болсын, мейлі экономикалық ынтамақстастық немесе гуманитарлық салада болсын, күн сайын артып келеді.  

 

- БҰҰ Женевадағы бөлімшесі халықаралық саясаттағы маңызды орталықтың бірі болып табылатындықтан, мұнда ғаламдық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер қарастырылатындықтан, айтыңызшы, қандай аса маңызды мәселелер қазіргі кезеңде – Сіздің қызметіңіз кезінде, іске асырылып жатыр?  Осы орайда Сіз қаншалықты БҰҰ Бас хатшысымен тығыз қызмет атқаратыныңызды білу қызықты болар еді?  

 

- Сіздің сауалыңыздың бірінші бөлігіне мен жауап бердім. Оған қосарым, Женева көптеген өзекті мәселелерді талқылайтын, оның ішінде адам құқығы, қарусыздану, сауда, денсаулық сақтау, климаттың өзгеруі т.б. мәселелерді талқылайтын орын болып табылады. Екі жыл ішінде мен үш рет өз қызметкерлерімнің алдында сөз сөйледім, олардың көптеген сауалдарына жауап бердім. Қазір барлығын да БҰҰ бюджетін  5% қысқарту мен ұйымның шығынын $100 млн-ға қысқарту мәселесі алаңдатып отыр, себебі ол көптеген қызметтің жойылуына әкеліп, қызметкерлерді жұмыстан босатуға тура келеді.

Менің ұстанымым: жұмыс тиімділігін төмендетпей, ал мүмкін болған жағдайда – оны аз қаражатпен арттыра түсу. Бас хатшы өндірістік процессті оңтайландыруға және әкімшілік шығынды қысқартуға қатысты менің реформамды қолдады.  БҰҰ Женевалық бөлімшесінің жалпы жиналысында ол «май басқан еттен арылып, бұлшық еттерді тың ұстап отыру керек» деп айтты. Өз кезегінде мен, бас хатшының БҰҰ барлық бөлімшелері мен ұйымдарының ғаламдық басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған реформасына қолдау білдіремін.

Кез келген реформа сияқты Пан Ги Мунның бұл реформасы да кейде түсініксіздікке, қабылдамаушылыққа және тіпті қарсылыққа да тап болып жатады. Бұл жерде де күрделі қаржылық жағдайда орасан үлкен интернацияоналдық ұжымда ақтық табысқа жету үшін серіктестік, ынтымақтастық танытуға тура келеді. Мен барлық саяси және басқару мәселелеріне қатысты бас хатшымен оперативтік байланыс жасап отырамын. Үнемі е-мэйлдермен алмасып отырамыз, кейде онымен бірге сапарларда боламын. Бізде шынайы іскерлік, адами қарым-қатынас орнаған. Ол Женева бөлімшесінің жұмысына риза, және ол туралы жақында БҰҰ аға буын қызметкерлерімен өткен  кеңесте мәлім етті.

 

 - Сіз Қарусыздану жөніндегі Конференцияның (ҚК) бас хатшысы болып табыласыз. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайтуға қосып отырған үлесі мен осы бағыттағы бастамаларын қалай бағалайсыз?

           

 

- Қазақстанның дүниежүзілік антиядролық қозғалысқа қосқан үлесі бүкіл әлемде лайықты бағаға ие болып отыр. Әлем қоғамдастығында халықаралық проблемаларды кеңінен көру қабілеті бар күшті лидер ретінде бедел мен құрметке ие президент Н. Назарбаевтың жеке үлесі туралы айтып кеттім. Қарусыздану жөніндегі Конференцияда біздің еліміздің өз еркімен қарусызданудың үлгісі және осы саладағы пайдалы көптеген жобалардың бастамашысы екенін жақсы біледі. Қазақстандық делегация бұл форумда  бірізді және құрылымдық позиция ұстанады. Жақында тұрақты өкіл М.Тілеуберді Солтүстік Кореяда жүргізілген ядролық қарудың сынағын сынға алып, мәлімдеме жасады.

 

 

-Халықаралық қоғамдастықтың жалғыз көпжақты келіссөз форумы - Қарусыздану жөніндегі конференция қазір қиын кезеңді бастан кешуде. БАҚ-тарда айтылып  жатқан қарусыздану процестерінің дағдарысы туралы  мәлімдемелер шындыққа сәйкес келе ме? ҚК-де осы келіссөздердің қайта жандану мүмкіндігінеқатысты Сіздің бағаңызды білуге бола ма?

 

 

-Қарусыздану жөніндегі Конференциядағы іс-шаруа тығырыққа тірелді деуге болады. Форумға қатысушылар «Жұмыс бағдарламасы» бойынша келісімге келе алмай отыр, өйткені Пәкістан қауіпсіздік мақсатында консенсус құқығын пайдалана отырып, үнемі вето салып келеді, осыған байланысты Конференция ыдыратылатын материалдардың өндірісі туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөзді бастай алмай келеміз. Дегенмен, негізгі мүше-мемлекеттер Конференцияны тығырықтан шығару үшін белсенді түрде консультациялар жүргізуде. Сондықтан Қарусыздану жөніндегі Конференцияның ғұмыры бітті деп ойламаймын. Мен үш рет нақты ұсыныстар жасадым, оларға қызығушылық танытылып, талқылауға алынды.  Былтыр күзде БҰҰ-ның бас ассамблеясы Ашық құрамдағы Арнайы жұмыс тобын құру туралы теңдессіз резолюция қабылдады, оның алғашқы отырыстары Женевада өтеді.

Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде мені БҰҰ ҚК-сінің тұрақты мүшелері қарусыздану жөніндегі жалғыз көпжақты тетік болып табылатын осы бірегей форумның статусына қатысты консолидацияланған позиция ұстанатыны қуантады. Дипломаттармен, саясаткерлермен, ғалымдармен кездесулер барысында Қарусыздану жөніндегі Конференцияны қалай болғанда да сақтап қалу керек, бұл біздің тарихи жауапкершілігіміз екенін айтудан шаршамаймын. Қазіргі жағдай - бұл өзгеріске ұшыраған геосаяси шындықтың нәтижесі, сол себепті стратегиялық шыдамдылық танытып, өзара тиімді шешімдер іздеу маңызды. Дипломатияның мәні осында: ұстанымдылықпен, креативтілікпен және шыдамдылықпен үйлесім тапқан диалог, келіссөздер және консультациялар.

 

 

- БАҚ-тардың ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастама көтерген G-глобал алаңы дүниежүзілік дағдарысқа қарсы жоспарды талқылауға арналған виртуалдық форумнан қарусыздану бойынша сарапшылардың басын біріктіруші құрылымға айналады деген жарияланымдарына  қатысты не айтасыз? Виртуалдық форумдарда сарапшылық бағалаулар бойынша Қарусыздану конференциясымен бәсекелесуге жетерлік әлеуеті бар ма?

 

 

- Бүгінгі заманда бәрі мүмкін, әсіресе, интернеттің ролі күшейген кезде. Ғаламтор 2,5 млрд адамды тартып алды және мұнымен шектелмейді. Біздің көшбасшымыздың бастамасы қызығушылық тудырады, өйткені ол аса тәжірибелі: сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдарға экономика туралы ғана емес, сондай-ақ, қарусыздану бойынша да ұсыныстар білдіруге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл маңызды проблематикаға әлем қоғамдастығының және мемлекет басшыларының ерекше назары тартылады. Прагада қол қойылған стратегиялық қарулануды қысқарту жөніндегі ресейлік-американдық келісім маңызды боғланымен, ол екіжақты болып табылады, сол сияқты көпжақты форматта табысқа қол жеткізуге тырысу керек. Соңғы жылдары БАҚ-тардағы қарусыздану тақырыбын терроризм, қаржы дағдарысы, есірткі трафигі сияқты қысқа мерзімді тақырыптар басып кетті, бірақ жалпы қарусызданудың маңыздылығы азаймайды. Осыған байланысты Қазақстан президентінің халықаралық бастамалары аса қажет.

 

 

- Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесінің статусынан үмітті. Біздің еліміздің бұған қол жеткізу жолындағы мүмкіндіктері қандай?

 

 

- Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болуға жақсы мүмкіндіктері бар. Еліміздің экономикалық әлеуеті мен халықаралық беделі ақыр соңында табысқа қол жеткізу үшін сенімді тірек болуға тиіс.

 

 

- Бірнеше жеке сұрағым бар. Сіз - БҰҰ-ның ресми тілдері болып табылатын орыс, ағылшын, француз және қытай тілдерін жетік меңгерген адамсыз. Сіздің кандидатураңызды таңдаған кезде осы біліміңіз қаншалықты маңызды болды және Сіз бұл біліміңізді қалай қолданып жүрсіз?

 

 

- БҰҰ сияқты ұйымда бірнеше тіл білу - үлкен артықшылық. Ағымдағы жұмыста - кеңесер, келіссөздер, сөз сөйлеулер болғанда негізінен ағылшын тілін пайдаланамын, Швейцария өкілдерінің қатысуымен өтетін үлкен аудиторияның алдында сөз сөйлегенде французша сөйлеймін, ал орыс және қытай тілдерін сирек жағдайларда қолдануға тура келеді. Қазақ тіліне келетін болсақ, осы жерде жүйелі түрде алып тұратын газеттерімізді оқуға уақыт табуға тырысамын.

 

 

- Сіз дипломат ретінде ғана емес, бірқатар қызықты және оқырман қызығып оқитын кітаптардың авторы ретінде танымалсыз. Қазіргі қызметіңізде шығармашылықпен айналысуға уақытыңыз бар ма?

 

- Әзірге жаңа кітап жазуға уақытым жоқ. Бірақ бұл менің Женевадағы қызметім назардан тыс қалатынын білдірмейді.  Бұл жазуға лайықты, қызықты оқиғалар көп, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің құрылу тарихының өзі бөлек оқиға! Атағы қайғылы Ұлттар Лигасынан БҰҰ-ға көшкен Ұлттар Сарайы әлемдік маңыздағы тарихи ескерткіш болып табылады. Жыл сайын Ұлттар Сарайында 10 мыңнан аса халықаралық форум мен кездесу өтеді, бұл Женеваның әлемдегі ірі конференциялық орталық ретіндегі маңызы мен мәнін көрсетеді. Бұл жерде өзіңді үнемі оқиғалардың ортасында жүргендей сезінесің, көптеген қызықтыжәне маңызды жағдайлар есте сақталады, және оларды баяндауға мүмкіндік болады деп үміттенемін. 


adimage