БҰҰ: Біздің ортақ парызымыз – Парсы шығанағында соғыстың болуына жол бермеу

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ - Біздің ортақ парызымыз – Парсы шығанағында соғыстың болуына жол бермеу, деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.
«Біздің ортақ парызымыз - Парсы шығанағында соғыстың болуына жол бермеу, оған әлем жол бере алмайды. Біз соғыстың салдарынан адамзаттың шеккен қасіретін ұмытпауымыз керек. Әдетте қарапайым халық қатты жапа шегеді», - деп келтірген «Новости ООН» сайты сәрсенбіде Гутерриштің сөздерін.
БҰҰ басшысы дүйсенбіде сөйлеген сөздерін қайталады: эскалацияны тоқтату, барынша шыдамдылық таныту, диалогты жандандыру және халықаралық ынтымақтастықты қалпына келтіру.
Өз тарапынан Гутерриш жұмылдырылған тараптармен тығыз байланыста болады.
Бүгін Ирактағы БҰҰ миссиясында мәлімдегендей, Эрбил мен Анбердегі әскери базалардағы зымыран соққылары шиеленістің күшеюіне әкеп соғады және Ирактың егемендігінің өрескел бұзылуы болып отыр.
«Бұл мағынасыз зорлық-зомбылықтың арты орны толмас салдарға әкеп соғуы мүмкін», - делінген Ирактағы БҰҰ Миссиясының мәлімдемесінде, мәлімдемеде Ирак басқа елдердің қарым-қатынасы салдарынан зардап шекпеуі керек деп көрсетілген.
Бұған дейін хабарланғандай, Тегеран мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас 3 қаңтар күні Трамптың бұйрығымен Бағдат халықаралық әуежайы маңайында зымыран соққысынан ирандық генерал Кассем Сулеймани өлтірілгеннен кейін күрт шиеленісіп кетті. Ресми түрде Тегеран Ирандағы иерархия бойынша екінші адамның өлімі үшін кек алуға уәде берді. Бұл жағдай мұнай бағасы қарқынды өсуді бастағанда бірқатар арабтық мұнай компанияларының акцияларын түсіріп жіберді
Кейін Ирактағы АҚШ-тың бірнеше әскери нысандарын Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымырандар атқылаған еді. Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф жағдайға түсінік бере келе Тегеран «АҚШ нысандарына Біріккен Ұлттар ұйымы (БҰҰ) жарғысының 51 бабына сәйкес өзін-өзі қорғау мақсатында шабуыл жасады» деп мәлімдеді. Бұл ретте ол генерал Кассем Сулейманиге опасыз шабуыл жасалғанын айтқан. СІМ басшысы жағдайды шиеленістіруді немесе соғысты көздеп отырмағанын, бірақ кез-келген агрессиядан қорғанатындарын қадап айтты. Бұл ретте АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әскери базаларына Иранның жасаған соққысына түсінік беріп, қазір қаза тапқандар мен келтірілген шығынды есептеу жүргізіліп жатқанын және ертең ертеңгісін мәлімдеме жасайтынын жеткізді.
8 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парсы шығанағы аймағындағы ахуалға байланысты АҚШ пен Иранның шиеленісі туралы кеңес өткізді.
Еске салсақ, 8 қаңтарда Иранда «Украина халықаралық әуе желілерінің» Boeing 737 ұшағы Тегерандағы Хомейни әуежайы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Киевке бағыт алған екен. Алдын-ала ақпар бойынша авиалайнер бортында 170 адам болған. Украина СІМ ақпары бойынша ұшақ бортындағылардың барлығы мерт болған. Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр. Бүгінгі таңда есепте 174 ҚР азаматы бар.
Иран билігі украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына мотор бөлігіндегі өрт себеп болған деді. Бұл ретте Тегеран ұшақтың апатқа ұшырауына зымыранның соғуы себеп болған деген нұсқаны теріске шығарды.
Air Astana әуекомпаниясы Ирак пен Иранның әуе кеңістігінен ұшудан бас тартты.
Өз кезегінде SCAT әуекомпаниясы да Қазақстаннан Сауд Арабиясы мен Шарм-Эль-Шейхке ұшу бағыттарын өзгертті.

adimage