Бұл олардың таңдауы – деді көп балалы ата-аналардың түнгі ауысымда жұмыс жасауының себебі туралы Жакупова

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Неге көпбалалы ата-аналардың түнгі ауысымда жұмыс жасауларына тура келеді деген сұраққа жауап берген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова, бұл ата-аналардың өз таңдаулары деп мәлім етті.
«Бұл олардың таңдауы», - деп мәлім етті С. Жакупова сейсенбідегі үкімет кулуарында.
Бұл сұрақты журналистер Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шығыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін қойған болатын. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған.

adimage