Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Білім және ғылым министрлігі ҚР білім және ғылымды дамыту бағдарламасының жобасын министрлер кабинетіне енгізу мерзімін кейінге шегерді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы №116-ө «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» өкіміне келесі өзгертулер енгізілсін: «3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің 2019 жылғы 31 қазанға дейінгі мерзімі белгіленсін», - делінген премьер-министр Асқар Маминнің өкім жобасында.
Қолданыстағы өкімге сәйкес, БҒМ мембағдарлама жобасын министрлер кабинетіне бүгін – 30 қыркүйекте енгізу керек болатын.
«Жобаны (премьер өкімі – ҚазТАГ) әзірлеудың мақсаты Қазақстан Республикасы білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарламаның шаралары, мақсатты индикаторлары, нәтиже көрсеткіштері, жүзеге асыру механизмдері бойынша келісілген ұсыныстарды дайындау болып табылады», - деп түсіндірген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құжаттың түсіндірме жазбасында.
Өкім жобасы 11 қазанға дейін жария талқылауға шығарылған.
БҒМ ҚР білім және ғылымды дамыту бағдарламасының жобасын министрлер кабинетіне енгізу мерзімін кейінге шегерді
