БҰҰ миссиясына қатысқаны үшін Қазақстан бітімгерлеріне үш есе жалақы төленеді – Жақсылықов

Астана. 30 маусым. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. БҰҰ миссиясына қатысқаны үшін Қазақстан бітімгерлеріне үш есе жалақы төленеді, деп мәлімдеді Қазақстан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
«Заңға сәйкес, қазақстандық бітімгерлерге қатысқаны үшін (БҰҰ миссиясына-ҚазТАГ) үш есе көлемінде жалақы төленетін болады», - деді Жақсылықов бейсенбі күні парламенттің біріккен отырысында депутаттардың сұрағына берген жауабында.
Оның айтуынша, қосымша, жыл сайынғы демалыстарына екі апта қосылады.
«Сондай-ақ, бір ай қызметі бір жарым ай болып есептеледі»,- деді Жақсылықов.
Еске салсақ, бұған дейін белгілі болғандай, Қазақстан бітімгерлерін Ливанға және үш африкалық мемлекетке – Орталық Африка Республикасына, Конго және Мали Демократиялық Республикаларына жібереді.

adimage