Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында алдағы екі тәулікте жауын-шашын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«13-14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түсіп, қатты көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 13-14 желтоқсанда жауын-шашын жауып, тұман түсіп, қатты көктайғақ күтіледі», - делінген бейсенбіде таратлыған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 95-98% деп болжауда.
БҚО-да алдағы екі тәулікте жауын-шашын және қатты көктайғақ күтіледі
