БҚО-да қар құрсауынан 200-ден астам адам құтқарылды

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 200-ден астам адам құтқарылды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігі (ІІМ) төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«18 ақпанда сағат 21.00-де Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында қар құрсауынан тазартылған жол бөлігіне 60-тан астам көлік шығарылды, оларда барлығы 211 адам болған», - деп хабардар етті Н.Нұрахметов сейсенбіде.
Ол атап өткендей, 38 жеңіл көлік, 22 жүк көлігі мен 1 жолаушылар автобусы Орал-Саратов, Тасқала – Аққурай, Переметное – Озерное тас жолдарында қар құрсауында қалған.

adimage