БҚО-да аудан әкімі аппаратының экс-басшысы ақша жымқырғаны үшін сотталды

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Дархан Ағеділов ақша жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«3 желтоқсанда Бөрлі ауданы сотының үкімімен Ағеділов айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Айыпталушы Ақсайда үй жалдауға және аудан әкімі аппараты үшін тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуға бөлінген жалпы сомасы Т2,799 млн бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылды.

adimage