Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында белгісіз себептерге байланысты 2 мыңнан астам асыл тұқымды қой қырылып қалды, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.
«Атырау облысында Құрманғазы ауданы «Сүйіндік» ауылында қойлар жаппай қырылып жатыр. Сәуірден бүгінгі күнге дейін тек бір шаруашылықта белгісіз себептер бойынша еділбай тұқымды екі мыңнан астам бас қой өлген. Басында малдың қырылуын ветеринарлар қой қорасаны деп ойлаған алайда ауыл шаруашылық министрлігінің мамандары бұл диагнозды растамады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, шаруашылық шұғыл түрде 36 мыңға жуық екпе сатып алған, алайда «мал қорасаны» диагнозы расталмаған.
«Мал басын сақтап ақлу үшін біз барлық қойға екпе салуды бастадық: ауруына да, сауына да. Бірақ кенет тоқтылар іш тастай бастады. Мал басы қырылуын жалғастырды, тіпті бұған дейін ауырмағандары да өле бастады. Ветдәрігерлер сынама алып, Атырауға жөнелтті, ол жақтан елордаға жөнелтілді. Ауыл шаруашылық министрлігінен бұған дейін аудандық ветдәрігерлер қойған диагноз расталмаған болып шықты», - деді ветеринар Халық Сейтжанов.
Фермер Бауыржан Исақұловтың айтуынша, шығын кем дегенде қазірдің өзінде Т60 млн құрап отыр.
БҚО-да белгісіз себептерге байланысты 2 мыңнан астам асыл тұқымды қой қырылып қалды
