БҚО-да екпінді желден бес адам зардап шекті

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында екпінді желден бес адам зардап шекті, деп хабарлады «Мой город».
«Екпінді желден кейін бес адам медициналық көмекке жүгінген», - делінген сейсенбідегі хабарда.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, желдің күшеюіне байланысты сағат 15.00-17.00 аралығында Оралдағы жедел-жәрдем тетігіне төрт қоңырау келіп түскен.
«Әбілхайыр хан даңғылы бойында автомобильге үлкен бұтақ құлаған. Нәтижесінде 31 жасар ер адам зардап шеккен. Оның көзіне бұтақ сынықтары кіріп кеткен. Ол облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар 16 жасар қыз бала да зардап шекті, ол да Орал қаласындағы көп салалы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облденсаулық сақтау басқармасынан.
Ведомствода хабарлағандай, сондай-ақ, Желаево ауылынан төбедегі шифер ұшып кетіп, сегіз жасар қыз баланың басына түскен. Ол да Оралдағы көп салалы ауруханаға жеткізілді
«Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында 69 және 74 жастағы екі әйелдің басына ағаш бұтағы құлаған. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартса, екіншісі ауруханаға жеткізілді», - деді денсаулық сақтау басқармасынан.

adimage