Орал. 16 сәуір. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында педофилия туралы хабарламағаны үшін Жаңақаладағы мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметованың үсітнен іс қозғалуда, деп хабарлады «Мой город».
«Қылмыстық іс осы жылдың 7 сәуірінде түсті. Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметова ҚР ҚК 434 бабында қарастырылған «Қылмыс туралы хабарламау» қылмысын жасаған деп айыпталуда. Істі судья Ілияс Іргебаев қарауда. Әңгіме Жаңақала ауданының тұрғыны Жақсыбай Сұлтанов жасаған қылмыс туралы. Ол үш жыл бойы өгей қызын зорлап келген. 2020 жылы зорлықшыны 20 жылға бас бостандығынан айырды», - делінген хабарда.
Тергеу атап өткендей, қыздың мұғалімдері бұл туралы білген, бірақ құқық қорғау органдарына хабар бермеген.
«Ақырында мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметованың үстінен қылмыстық іс қозғалды, ал қалғаны аудандық білім бөлімінің тарапынан қатаң сөгіспен құтылды. Басты сот отырысы 16 сәуірде өтеді», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34