Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Тағы бір адам – 56 жасар Зейнетолла Халелов Батыс Қазақстан облысында полицейдің қатысуымен орын алған ЖКО-дан кейін ажал құшты, деп хабарлады «Мой город».
«Ер адам 13 желтоқсанда қалалық көпсалалы аурухананың жан сақтау бөлімшесінде ажал құшты. Ол жерге ол ашық бас сүйегі жарақатымен жеткізілген», - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасынан.
Тасқала ауылдық округі әкімдігінен марқұмның артында бес баласының қалғанын айтты. Ең үлкені 29-да, кішісі- студент.
«Марқұмның әйелі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған екен. Үлкен ұлы ауыл ауруханасында фельдшер болып жұмыс жасап жатыр. Олар өздері Казталовка ауданының тумасы», - деді Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары Саягүл Ғалиева.
Жағдай 2 желтоқсанда сағат 6.00-де Тасқала ауданы Тасқала ауылында орын алған.
«Жол-техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік инспекторы Сәкен Қозжанов жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнын тастап кеткен. Зардап шегуші 56 жасар ер адам жол бөлігін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан. ЖКО салдарынан ауыр жарақат алған ол қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Полиция қызметкері Сәкен Қозжановқа қатысты ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлімі, 347 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған», - делінген хабарда.
10 желтоқсанда ҚазТАГ ХАА БҚО тұрғындарының полицейлердің қатысуымен орын алған резонансты ЖКО-лардан кейін Махсудхан Аблазимовтың отставкаға кетуін жаппай талап етіп жатқанын жазды, соңғы ЖКО 7 желтоқсанда сағат 3.00 шамасында Оралда Жәңгір хан көшесінде Audi B4 жүргізушісі 29 жасар қыз бала айдап келе жатқан Chevrolet Lacetti маркалы көлігіне соққан. Жергілікті БАҚ ақпарынша, Audi көлігінің рөлінде Орал ПБ ЖПҚБ ПИЖУ полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Медет Рахадилов болған, ол 30 қарашадан бері кезекті еңбек демалысында жүр екен. ЖКО салдарынан 29 жасар қыз бала ашық бас сүйек жарақаты диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, кейін қайтыс болды. Оның артында төрт баласы қалды.
Өңірде полицейлердің қатысуымен тағы екі ЖКО осының алдында болған еді.
Бұған дейін өңірде Махсудхан Аблазимовтың қатысуымен жанжал туған еді. 18 қараша күні кешкісін Аблазимов 21 жасар Лариса Бейсованы патрульдік машина қағып кеткен ЖКО орнына барған. Сол жерде блогер Айболат Бөкенов болған, ол ЖКО жағдайын смартфонының камерасына түсірген.
«Блогер генаралдан түсінік беруін сұрағанда, ол блогерге өзін түсіруге тыйым салған, кейін, Айболат Бөкеновтың айтуынша, генарал блогердің қолынан смартфонын тартып алып, қол астындағыларға ЖКО-ға қатысы бар барлық фото мен видеоны гаджеттен өшірулерін бұйырған. Сондай-ақ, генерал Аблазимовтың бұйрығы бойынша Бөкенов наркологияға, кейін Зачаганск полиция бөліміне жеткізілген, ол жерде блогерге қатысты ҚР ӘҚбК 667 бабы «полиция қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылған», - деп жазды басылым.
Кейін басылым Махсудхан Аблазимовтың байлығы $167 млн. көлемінде деп бағаланған долларлық мультимиллионер Бахаридин Аблазимовтың туған ағасы екенін жазды.
«Орал апталығы» ақпарынша, Тимур Құлыбаевпен, Дінмұхамед Ыдрысовпен және басқа да бизнесмендермен бірге Бахаридин Аблазимов Маңғыстау облысында орналасқан «ҚазАзот» ЖШС иелік етеді, ал ішкі істер органын сегіз жыл бойына (2001 жылдан бастап 2009 жылға дейін) Махсудхан Аблазимов басқарып келеді. Сондай-ақ, Бахаридин Нугмановичтің «Аңсаған Петролеум» ЖШС, «Матен Петролеум» АҚ, «ТриасМұнайГаз» ЖШС және «Petro Chemical Company» ЖШС үлестері бар.
Қазіргі таңда «Орал апталығы» сайты бұғатталған – журналистер мұны бірқатар сыни материалдардың жариялануымен байланыстырады, соның ішінде Аблазимов туралы да. Сонымен қатар Тәуелсіздік күнінің жақындап келуімен де байланысты болуы мүмкін.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26