БҚО-да шегірткеден алқаптарды өңдеуге шамамен Т90 млн жұмсалады

Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында шегірткеден алқаптарды өңдеуге шамамен Т90 млн жұмсалады, деп хабарлады «Мой город».
«БҚО-да шегірткеден алқаптарды өңдеуге Т90 млн бөлінген. Қазір барлық дәрілер сатып алынды және аудандарға жеткізілді. Алдағы күндері бірнеше аудандарда химиялық өңдеу жұмыстарына кіріседі», - делінген хабарда.
Ауыл шаруашылық министрлігінің мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Аманғали Түсепқалиевтің айтуынша, 2019 жылы өңделетін алаң былтырмен салыстырғанда 22% төмен.
«Егер былтыр біз 186 мың га жерді өңдесек, онда биыл бұл алаң 155,1 га. құрады. Мұның барлығы барлық құрылымның тыңғылықты жұмысы, соның ішінде аграршылардың да», - деді Түсепқалиев.
Хабарда атап өтілгендей, өңдеу жұмыстары БҚО төрт ауданында жүргізіледі – Бөкейорда, Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандары. Сонымен қатар, фитосанитарлық шаралар аясында бекеттерде үлкен жұмыстар жүргізілуде, атап айтсақ, «Сырым» мен «Тасқалада».
«Тексеріс нәтижесі бойынша былтыр арпа тиелген екі көліктен сынама алынды, олардың бірінен шегіртке ошағы табылған. Бұл біздің өңір аумағына зиянкестердің келуінің алдын алды», - деді ауыл шаруашылық министрлігінің мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов.

adimage