БҚО-да судьяның көлігінің өртенуі жөнінде: полиция 3 класс оқушысының отбасынан кешірім сұрады

   Орал.5 маусым.ҚазТАГ- Полиция 3 класс оқушысы Ернұр Жасқайраттың отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды «Уральская неделя».
   «Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер көліктің жанынан пластикалық бензин бөтелкесі мен қамыс тапқан. Өрттен 4 күн өткен соң Жаңақала аудандық ІІБ полицейлері көпбалалы ана Раушангүл Бисенованың үйіне келіп, 9 жасар ұлы Ернұр Жасқайрат көлікті өртеді деген күдікке ілінгенін жеткізген. Осыдан кейін баланың анасы ұлының мұндай қылмыс жасау үшін тым кішкентай екенін және сол түні ол үйде болғанын және түнде жалғыз шығудан қорқатынын айтқан бейнеүндеу жазды. Видеоны блогер Айболат Бөкенов Facebook парақшасында жариялады»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

adimage