БҚО-да ТҮКШ аудандық бөлімінің экс-шенеунігі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Күні: 18:08, 27-09-2019.

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – «Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы И.Илес бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінен.
«26 қыркүйекте БҚО Бәйтерек ауданы сотының үкімімен Илеске бюджет қаражатын жымқырғаны үшін екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған (жазасы бір жылға кейін шегерілген), сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылған», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Іс материалы бойынша әйел аталмыш меммекеменің қажеттіліктері үшін тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуға бөлінген Т2,4 млн соманы жымқырған.


Жаңалықтармен бөлісу: