БҚО индустриалды аймағындағы инженерлік желіге билік Т2,5 млрд астам жұмсамақ

Орал. 26 қазан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысы индустриалды аймағындағы инженерлік желіге билік Т2,5 млрд астам жұмсамақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ; атауы – инженерлік желілерді салу (құрылыс) бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы – "Батыс Қазақстан облысының индустриалдық аймақты ұйымдастыру және салу" нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары; жоспарлы сомасы – Т2 551 219 340; бірінші жылғы сомасы – Т861 607,14, екінші жылғы сомасы – Т2 550 357 732,86», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында 23 қазанда орналасқан лот сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау 26 қазан сағат 9.00-де басталады және 28 қазан сағат 18.00-де аяқталады.

adimage