БҚО әкімі тағайындалды

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген бейсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Есқалиев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2019 жылдың қаңтарынан бастап БҚО әкімінің орынбасары болған, ал оған дейін 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың қаңтарына дейін Нұр-Сұлтанның қалалық ортасының регенерациялау басқармасының басшысы болған. Ал оған дейін 2017 жылдан 2018 жылға дейін «Астана қ. дамыту жобаларының сараптама орталығын» басқарған.

adimage