Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған күзет қызметі басшысының экс-төрағасы Б. Бижанов бірнеше мәрте пара алғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлады облыс сотының баспасөз қызметі.
«Орал қалалық сотының 2014 жылдың 7 қарашадағы үкімімен Б. Бижанов ҚР ҚК 311 б. 4 б. «г» т. (пара алушылық) бойынша айыпты деп танылды, оған жазасын жалпы тәртіптегі абақтыда өтеумен, жеке өзіне тиесілі мүлкін тәркілеумен бірге 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда.
Сондай-ақ оның 5 жылға дейін құқық қорғау органдарында лауазым атқару құқығынан және «полиция полковнигі» атағынан айырылатыны хабарланған.
Сонымен қатар сот ҚР ІІМ атына жеке қаулы шығарған.
Іс материалдарына сүйенсек, ағымдағы жылдың басында Б. Бижанов «ҚР ІІМ БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істей жүріп, бағынышты қызметшісін ай сайын жеке құрам полицейлерінен ақшалай қаражат жинап, өзіне тапсыруға мәжбүрлеген. Осылайша, 2014 жылдың қаңтарынан мамырына дейін взводтың әр қызметшісінен Т2 мыңнан жинап келген.
Бұдан басқа, сотталушы полицейді машықтанушы ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін Т200 мың сома және жеке батальонға қызметкерді жұмысқа тұрғызғаны үшін Т50 мың сома пара алған.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды8 Маусым 2023, 19:33
-
Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды8 Маусым 2023, 19:27
-
Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді8 Маусым 2023, 19:23
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03