БҚО полициясы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогында «қолаға» ие болды
Орал. 20 қазан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысы ІІД қызметкері Темірлан Ықсанғалиев Перуде өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогында қолаға ие болды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Қазақстан құрама командасының сапында ішкі істер департаментінің қызметкері Темірлан Ықсанғалиев бар еді. Ол жоғары шеберлігін дәлелдеп, 75 кг салмақта 3 орын алды», - деді БҚО ІІД баспасөз қызметінен.
Қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы Лима қаласында (Перу) 16-19 қазан аралығында өтті.