Алматы. 4 қаңтар. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан ауылының төрт ауылының жарықсыз қар құрсауында қалғанына 10 күннен асты, деп хабарлады «Уральская неделя».
«БҚО төрт ауылы жарықсыз, байланыссыз қалды. Батыс Қазақстан облысының ең шалғай ауылдарының тұрғындары дабыл қағуда. Биліктің осы ауылдарға апаратын жолды қардан аршуына техника таба алмай отырғандарына 10 күннен асқан», - делінген хабарда.
Талов ауылдық округі «Комсомольсая» ауылының тұрғыны Светлана Хамзина бізге телефон арқылы оларда екі апта бойы жарық та, жол да жоқ екенін жеткізді.
«Бүгінгі күнге дейін дизель генераторын қолдандық, бірақ бүгін отын бітті. Шекарашылардан көмек сұрадық, бірақ олар бас тартты, алайда оларда жолсызбен жүретін көліктері бар. Ауылдық әкім де көмектесе алмайтынын айтты. Жолдарды тазалау бойынша тендерді жеңіп алған кәсіпкер Төлеген тракторының сынып қалғанын айтып отыр», - деді әйел.
Жәнібек ауданы Талов ауылының тұрғыны Валентина Досқалиева да осыған ұқсас жайтты айтты. Оның айтуынша, 28 жнлтоқсанда аудан орталығына барар жолда 60-тан астам көлік кептеліп қалған, олар ауылдарға өте алмаған. Адамдар, оның айтуынша, жолда алты сағаттан астам уақыт тұрған.
«Аудан орталығынан 125 шақырым қашықтықта орналасқан Жәнібек ауданы - Талов ауылының тұрғындары үшін қыстың басталуы жыл сайын осындай қиындықпен басталады. Проблема біреу, және ол бірінші жыл болып отырған жоқ, ол -жол», - деді ауылдық.
Желтоқсан қарлы болды және ауылды елді-мекен тұрғындарының, оның айтуынша, сыртпен байланыстарының үзілгеніне 10 күн болған.
«Ресеймен шекараның жабылғанына бір ай болды, себебі шекарашылар көрші Жақсыбай ауылынан келгілері келмейді, «шекара құлыптаулы» деген сияқты. Комсомольская фермасының тұрғындары да жарықсыз, жолсыз отыр. Қалың жауған қар адамар үшін ғана емес, мал үшін де қиын болып тұр. Біз ауылдық елді-мекенде тұрамыз, мемлекеттен ештеме сұрамаймыз, салықты уақытылы төлеп отырмыз, мал бағып отырмыз. Ал енді бізге көмек керек болған жағдайда көмектесуге арналған барлық мемсала үнсіз қалып отыр. Бұл ауылдық әкімдікке, аудандық ТЖМ, шекарашылар, жол қызметкерлеріне қатысты. Олар бізге көмек көрсету үшін емес, жақсы жалақы алу үшін жүрген сияқты», - деді В. Досқалиева.
Ол атап өткендей, дәл қазір 70 бастан тұратын жылқылар табыны өлгелі жатыр, себебі олар күртік қардан шыға алар емес.
«Жақсыбай шекара заставасының басшылығына да хабарластық, олардың «Урал» көлігі мен екі қарда жүргіш көлігі бар. Жәнібек ТЖМ-ге де хабарластық, олар «техника жоқ» деп жауап берді. Облыс әкімі Алтай Кульгиновке айтарымыз егер біздің Талов ауылына жаныңыз ашымаса, ашығын айтыңыз «Ол жерден кетіңіздер, біздің де проблемамыз азаяды» деп, олай болмаса бізден теріс бұрылмаңыздар», - деді әйел.
БҚО төрт ауылы 10 күннен бері жарықсыз қар құрсауында қалды
