БҚО тас жолындағы қар құрсауында екі мектеп автобусы тұрып қалды

Орал. 5 наурыз. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысы тас жолында қар құрсауында екі мектеп автобусы тұрып қалды, деп хабарлады «Мой город» порталы.
«Қар құрсауынан жеті жеңіл көлік шығарылды. Құтқарушылар барлығы 24 адамды құтқарды. Олардың 18- бала. Адамдар Новостройка және Подхоз ауылдарына жеткізілген. Ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ», - деді БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, 4 наурызда сағат 20.20-да Деркул-Ветелки жолында қар құрсауында екі мектеп автобусы қалып қойған.

adimage