БҚО және ШҚО өзендерінде қарқынды қар еруі мен ағын сулардың қалыптасуы және су деңгейінің көтерілуі күтіледі

Күні: 10:30, 11-03-2019.

Алматы. 11 наурыз. ҚазТАГ – БҚО және ШҚО өзендерінде қарқынды қар еруі мен ағын сулардың қалыптасуы және су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндізгі және түнгі оң мәнді ауа температуралары мен жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамына байланысты Батыс-Қазақстан облысында 2019 жылдың 10-13 наурыз аралығында қарқынды қар еруі мен ағын сулардың қалыптасуы және өзендерде мұздық құбылыстардың әлсіреуі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Оң мәнді ауа температуралары болжамына байланысты Шығыс-Қазақстан облысында 2019 жылдың 10-13 наурыз аралығында қарқынды қар еруі мен ағын сулардың қалыптасуы және өзендерде мұздық құбылыстардың әлсіреуі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі»,- делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: