Бұрқасын мен тұман салдарынан Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 10:35, 24-01-2019.

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Бұрқасын мен тұман салдарынан Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Петропавлда 24 қаңтарда бұрқасын, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 24 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Астана қ.: күндіз 24 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: