Астана. 30 маусым. ҚазТАГ – Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстанда өткен Алтыншы Каспий саммитінде «Жаһандық дауыл» жағдайында Каспийдің маңызы арта түскенін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
«Бұрын-соңды болмаған «жаһандық дауыл» жағдайында Каспий теңізінің геосаяси тұрғыдан орналасуына, бай табиғи ресурстарына, сондай-ақ оңтайлы транзиттік әлеуетіне байланысты оның маңызы арта түседі», - деді Тоқаев сәрсенбі күні саммитте сөйлеген сөзінде.
Ол атап өткендей, Ақтау тарихи саммитінен бері төрт жыл өткен. Осы уақыт ішінде әлем түбегейлі өзгерістерді бастан өткерді. Ақтау саммиті Каспий маңы мемлекеттерінің күрделі әрі түйткілді мәселелерді бейбіт жолмен, тату көршілік және достық рухында шеше алатынын бүкіл әлемдік қоғамдастыққа танытты. Президент атап өткендей, көп жылғы келіссөздерден кейін бесжақты ықпалдастықты кешенді түрде нығайтудың берік құқықтық негізін қалыптастырған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаны – соның айқын дәлелі.
«Каспий – пайдалы ресурстардың мол қоры ғана емес, сондай-ақ шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын теңіз», - деді президент.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34