Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.
«Агенттік бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев және басқа тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Биыл 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деп хабарлады Бигайдаров сәрсенбідегі брифингте.
Еске салсақ, Бекетаев 21 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы кампания аясында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған еді. Бекетаев қазір қаңтар оқиғалары ісі бойынша жазасын өтеп жатқан ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке жақын болған. Атап өтелік, қаңтар оқиғасына дейін Бекетаевтың кеңесшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының экс басшысы Талғат Татубаев болған еді. Ол бұрынғы сенатор Қайрат Қожамаровпен бірге бірқатар атышулы қылмыстық істерге қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Кейін белгілі болғаны оны да елден қашуға оқталған сәтте ұстаған.
Ұлттық қордың $22 млрд қатыру, ішімдік ішу, Тоқаевтың беделін түсіру – Бекетаев несімен танымал, ол туралы ҚазТАГ материалдарынан оқи аласыздар.
23 қазанда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Бекетаевтың ұсталғанын ресми түрде растады. Сол күні экс-министрдің екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
2024 жылдың 12 шілдесінде «антикор» Бекетаевқа қатысты тергеу амалдарының аяқталғанын, оған Т1 млрд астам көлемде шығын келтіру айыбы тағылғанын хабарлады.
21 қарашада ҚазТАГ хабарлағандай, Бекетаевты Жоғары аудиторлық палатаның тексерісінен кейін ұстаған.
2025 жылдың 31 қаңтарында тараптардың Бекетаевтың қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатқаны хабарланды.
Бұрынғы әділет министрі Бекетаевтың ісі сотқа жолданды
