Бұрынғы энергетика вице-министрі Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды

Астана. 4 сәуір. ҚазТАГ – Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешенінің ұйымдары қауымдастығының бас директоры болып Болат Ақшолақов тағайындалды, деп хабарлады қауымдастықтың баспасөз қызметінен.
«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешенінің ұйымдары қауымдастығының Төрағасы Т.А. Құлыбаевтың бұйрығымен бас директордың лауазымына 2019 жылғы 03 сәуірден бастап Болат Оралұлы Ақшолақов тағайындалды», - делінген хабарда.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақшолақов 2017 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін энергетика вице-министрі, ал оған дейін 2016 жылдың ақпанынан бастап 2017 жылдың қарашасына дейін қазіргідей Kazenergy компаниясын басқарды. Оның алдында 2014 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың ақпанына дейін «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры болған.
Еске салсақ, Ақшолақов 1 сәуір күні энергоминінің басшысы орынбасары қызметін атқарған. Бұл қызметте оны Әсет Мағауов алмастырды.

adimage