Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Алматы әкімінің орынбасары болды

Алматы. 19 тамыз. ҚазТАГ – Ерлан Қожағапанов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ерлан Қожағапанов қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.. (…) Өз кезегінде аталмыш бұрын осы қызметті атқарған Ерлан Әукенов қызметінен өз еркімен кеткен», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Кожагапанов 2017 жылдан ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болған, 2016 - 2017 жылдары — ҚР премьер-министрінің көмекшісі; 2013 - 2016 жылдары — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің төрағасы, ҚР футбол Федерациясының президенті міндеттерін атқарған.

adimage