Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – БҰҰ бас ассамблеясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД), Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымымен (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ) және басқа да өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуды қаулы етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Атап көрсетілгендей, тиісті резолюциялар консенсуспен қабылданған.
Қабылданған құжаттарда, атап айтқанда, ШЫҰ-ның «өңірдегі қауіпсіздік туралы мәселелерді барлық аспектілері жағынан қарау үшін маңызды өңірлік ұйым болғаны», ал ҰҚШҰ-ның құрылған уақытынан бері «өзінің жауаптылық аймағында қауіп-қатерлерлердің кең спектріне адекватты әрекет етуге мүмкіндік беретін потенциалға ие көпфункциялы құрылымға айналғаны» атап өтіледі.
Бас ассаблея ТМД-ның БҰҰ және оның мекемелерімен «өз ынтымақтастығын жандандырып, тереңдетуге деген» талпынысын оң қабылдап, «бұның Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен ұстанымдарын алға жүргізуге жәрдемдесетініне» сенімді екенін білдірді.
ҰҚШҰ және ШЫҰ жөніндегі құжат жобаларын таныстыра отырып, БҰҰ жанындағы РФ тұрақты өкілі Виталий Чуркин «өңірлік ұйымдардың қызметі қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың ажырамас бір белгісі болып табылатынын» атап өтті.
В. Чуркин сондай-ақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрылатынын БА делегаттарының есіне салды.
«Қазір ЕАЭО-ға Ресей, Белоруссия және Қазақстан кіреді, дегенмен одақ оның мақсаты мен принциптерімен бөлісетін кез келген мемлекеттің кіруіне есігін ашық айқара ашады. ЕАЭО-ның қалыптасуына орай оның әлеуеті мен тәжірибесі халықаралық қауымдастыққа қажет болатынына сенімдімін, әсіресе 2015 жылдан кейінгі кезеңге даму саласындағы жаңа күн тәртібін жасап шығару мәнмәтінінде, ол одақтың БҰҰ-мен арадағы практикалық өзара іс-қимылының ықтимал нақты параметрлерін анықтауға арналған координаттардың жаңа жүйесі болмақ», - деді ол.
БА отырысы барысында сонымен қатар БҰҰ-ның Араб мемлекеттері Лигасымен, Химиялық қаруға тыйым салу Ұйымымен, Орталық Еуропалық бастамамен, Экономикалық ынтымақтастық Ұйымымен, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық Ұйымымен және өзге де халықаралық және өңірлік бірлестіктермен қызметтестігін дамытуы туралы резолюциялар қабылданды.
БА делегаттарына жүгіне отырып оның 69-сессиясының төрағасы Сэм Кахамба Кутежа БҰҰ-ның қазіргі заманның ауыр да, кешенді қауіп-қатерлеріне бір өзі қарсы тұра алмайтынын мойындады.
«Осынау қиын шақта өңірлік және субөңірлік ұйымдардың ең көкейкесті әлемдік проблемаларға жедел әрекет етудегі бірегей рөлінің маңыздылығы бұрын-соңды болмаған», - деді ол.
Оның айтуынша, халықаралық қауымдастық «осындай ұйымдар мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимылдарды жақсартудан үлкен табысқа ие болады».
Қатысты сілтемелер
-
Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ҰҚК 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты8 Желтоқсан 2023, 18:50
-
Вадим Басин QARMET бас директоры болып тағайындалды8 Желтоқсан 2023, 18:30
-
Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бір жолғы төлемдерін Т250 мыңға көбейту ұсынылды8 Желтоқсан 2023, 18:19
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,1-ге өсіп, Т457,71 /$1 болды8 Желтоқсан 2023, 18:11