«Бәйтерек» холдингінің «еншілесінің» жарғылық капиталы шикізат емес өнімнің экспортын қолдау үшін 34 млрд теңгеге толықтырылады

Күні: 18:50, 06-02-2019.

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің еншілес компаниясы – «KazakhExport» ЭСК» АҚ жарғылық капиталын толықтыруға 34 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады», деп хабарлады ұлттық холдингтің баспасөз қызметінен.
«KazakhExport» капиталдандырудың негізгі мақсаты аккредитивтерді импортер банктер тарапынан міндеттемелерін орындамау қаупінен сақтандыру, экспорттық келісімшарттар бойынша төлемді кейінге шегеруді импортер тарапынан төлемеу қаупінен сақтандыру, импортер аванстарын экспортерлердің аванстық төлемдерді қайтармауынан сақтандыру және экспортты дамытуға бағытталған экспортерлер қарыздарын сақтандыру құралдары арқылы шикізат емес өнімдер экспортын қолдау көлемін ұлғайту болып табылады», - делінген хабарда.
«KazakhExport» Қаржылық есептілігіне сәйкес 2018 жылы 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша компанияның жарғылық капиталы 37,1 млрд теңгені құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: