«Бәйтерек» таза кірісінің үштен бір бөлігін дивиденттер төлеуге жұмсауға міндеттеді

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ таза кірісінің үштен бір бөлігін дивиденттер төлеуге жұмсауға міндеттеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын: акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 2021 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 29,8 пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге бағыттайды», - делінген үкіметтің қаулысында.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

adimage