Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Махамбет Абжан. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолының толығымен ашық екенін мәлімдеді.
«Кеше осы жолмен 3 сағат 20 минутта келдім, ешкім арнайы алып жүрген жоқ. Жол жақсы, екі жерде – Шідерті мен Қалқаманда әлі жұмыстар жүріп жатыр. Cоңғы ұсақ-түйек жұмыстар қалды. Бүгін жол толығымен ашылды, мен айтқан екі учаскеден бөлек жерде айналма жол жоқ, ол жерде де айналма жол емес, бір жағымен жүреді. Есептеңіздер, сіздер жылдамдықты білесіздер ғой. Бір шетінен екінші шетіне дейін 390 км жолды 3 сағат 20 минутта жүріп өттім», - деді Бақауов бейсенбіде ОКҚ баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте әкім нақтылағандай, ол «жолсызбен жүретін қызметтік көлігімен келген, оған алты жыл болған екен».
Еске салсақ, Орталық-Шығыс ірі көлік жолы жобасының бір бөлігі болып табылатын Нұр-Сұлтан –Павлодар тас жолын қайта жөндеу жұмыстары 2013 жылы басталған, ондағы жөндеу жұмыстарын билік 2018 жылы аяқтауға уәде берген болатын.
Мамыр айында Роман Скляр (сол кездегі ҚР ИИДМ басшысы, қазіргі – премьер-министрдің орынбасары) республикалық тас жолға жөндеу жұмысын жүргізушілерге жолды уақытында тапсырмағандары үшін ескерту жасады.
13 қарашада БАҚ хабарлағандай, Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолын 1 желтоқсанда қолдануға беру жоспарлануда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34