БАӘ Байқоңырдағы старттық кешенді жаңғыртуға қаржы инвестицияламақ

Күні: 17:43, 26-11-2018.

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – БАӘ мен Қазақстан аэроғарыш саласына инвестициялық жобаларды талқылады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Тараптар «Байқоңыр» ғарыш айлағы базасында аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті, №1 «Гагаринский старт» старттық кешенін жаңғырту бойынша инвестициялық жоба мен «Союз-2» типті зымыран-тасығыштардағы ғарыш аппараттарын жіберу талқыланды. Тұрақты консультациялар өткізетін үш жақты жұмыс тобы құрылды (ҚР, БАӘ, РФ). Ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтер нарығын бағалау аяқталды. Жоба бойынша шешім 2019 жылдың бірінші тоқсанында қабылданады», - делінген дүйсенбіде премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің премьер-министрдің орынбасары, БАӘ Президентінің істері жөніндегі министр шейх Масур бен Заид әл Нахаянмен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша таратылған хабарда.
Сонымен қатар, полиэтилен өндірісінің жобасы талқыланды.
«Borealis (Mubadala) компаниясымен бірлесіп іске асырылып жатқан полиэтилен өндіру жобасы бойынша бірлескен жобалық компания құрылған, ТЭН әзірлеу жүргізіліп жатыр. Жобаны шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. Жобаның шамаланған қуаттылығы 1250 мың тонна полиэтилен, құны $6,5 млрд.», - делінген хабарда.
Сонымен қатар араб тарапы құрылыс Атырау облысында жүргізіліп жатқан полипропилен өндірісі бойынша жобаға кіруге қызығушылығын нақтылады. Жобаның шамаланған қуаттылығы 500 мың тонна полипропилен, құны $2,6 млрд..
Тараптар сонымен қатар энергетика саласындағы бірқатар перспективалы бірлескен жобаларды талқылады.
«Қазақстанда Mubadala (БАӘ) инвестициялық қорымен бірге «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында заманауи А-класстық қойма ғимаратын салу жобасы жалғасуда. Әрқайсысы 14 000 м2 болатын екі қойма 2019 жылдың қаңтарында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.
Хабарда айтылғандай, БАӘ теміржол жүйесін дамытудың бірлескен жобаларын да талқылады.
«Темір жол инфрақұрылымының даму нысандарының ұзындығы 604 км құрайды. Қазақстандық компаниялар тендерлік рәсімдерге белсене қатысады және жобаны жүзеге асыру алдындағы біліктілігін растады. Жобаның бірінші кезеңіне қатысу туралы шешім 2019 жылдың I тоқсанында қабылданады», - делінген баспасөз хабарында.


Жаңалықтармен бөлісу: